02.07.2013, 11:08 2878

Серік Ахметов Малайзия министрі Абдул Таиб Махмудты қабылдады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Малайзияның Саравак штатының Бас министрі Абдул Таиб Махмудты қабылдады.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today - Серік Ахметов Малайзия министрі Абдул Таиб Махмудты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Малайзияның Саравак штатының Бас министрі Абдул Таиб Махмудты қабылдады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, тараптар инфрақұрылымдық жобалардағы, энергетикалық және мұнай-химиялық, ақпараттық-коммуникациялық секторлардағы, ауыл шаруашылығы мен туризм салаларындағы өзара іс-қимылдың перспективаларын атап өтті.

Алдағы жылдың басында, кездесулер барысында бірлескен кәсіпорындар құру бойынша жобаларды қарау жоспарланған Саравак штаты бизнес делегациясының Қазақстанға сапары күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны