19.02.2009, 15:42 2988

Сержанттық құрамның сегіз пайызы Қазақстан Қарулы күштерінің қатарынан шығарылады - ҚР Қорғаныс министрлігі

Сержанттық құрамның сегіз пайызы Қазақстан Қарулы күштерінің қатарынан шығарылады - ҚР Қорғаныс министрлігі

Астана. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Сержанттық құрамның сегіз пайызы Қазақстан Қарулы күштерінің қатарынан шығарылады. Бұл туралы бүгін Қорғаныс министрлігінде өткен алқа мәжілісінің алдындағы брифингте ҚР Қорғаныс министрлігінің сержанттық құрамымен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы Темірбек Халықов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінгі күні аттестациядан өткендердің 8% Қазақстан Қарулы күштерінің қатарынан шығарылуға тиіс", - деді Т. Халықов. Оның айтуынша, бүгінгі күні сержаттық құрамның 52% аттестациядан өтті. Аттестация 2008 жылдың 1 қарашасында басталған және ол ағымдағы жылдың 30 сәуірінде аяқталуға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны