19.03.2020, 19:41 6067

ШҚО полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының аға инспекторы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды

Ол Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 596-бабы, 3-бөлігі бойынша (қарама-қарсы қозғалысқа арналған жолдың жүру жағына шығу) әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 100 000 теңге сомасында пара алғаны үшін күдікті болды.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - ШҚО полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының аға инспекторы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды.

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін Шығыс Қазақстан бойынша Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны И.А. Курбаевқа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау күдігі бойынша қылмыстық істі өндіріспен аяқтады.

Ол Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 596-бабы, 3-бөлігі бойынша (қарама-қарсы қозғалысқа арналған жолдың жүру жағына шығу) әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 100 000 теңге сомасында пара алғаны үшін күдікті болды.

2020 жылдың 11 наурызында Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен И.А. Курбаевқа 3 млн. теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Курбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны