21.01.2011, 16:45 3468

Шахтинскідегі полиция учаскесінен жоғалған қарулар ІІБ ғимаратының жанынан табылды

Шахтинскідегі полиция учаскесінен жоғалған қарулар ІІБ ғимаратының жанынан табылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысының ІІД бастығының баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков хабарлады.

Қарағанды. 21 - қаңтар. Kazakhstan Today - Шахтинскідегі полиция учаскесінен жоғалған қарулар ІІБ ғимаратының жанынан табылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысының ІІД бастығының баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков хабарлады.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "21 қаңтарда тапаншалар Шахтинск ІІБ ғимараты жанынан табылды", - деді Ж.Сембеков. Табельді қаруларды кім және қандай жағдайда тауып алғаны жайлы "тергеу мүддесіне" сілтеме жасаған басқарма бастығы ешқандай ақпарат бермеді.

"Шахтинск ІІБ кезекші бөліміндегі резервті сейфтегі қызметтік тапаншалардың жоғалып кеткені 2010 жылдың 30 желтоқсанында өткізілген жоспарлы тексеру кезінде белгілі болды. Осы факті бойынша қарудың сақталуына жауапты қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған қатысты "тұтқындау" шарасы қолданылды", - деп еске сала кетті Ж.Сембеков.

"Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны