25.08.2023, 19:36 94721

Шавкат Мирзиёевтің қызы Өзбекстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалды

2022 жылдан Президент Әкімшілігінің байланыс және ақпараттық саясат секторының меңгерушісі қызметін атқарып келді
Өзбекстан Президентінің Әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында ӨР Президентінің ресми сайтынан мәлім болды.

Онда Саида Шавкатқызы Мирзиёеваның да Президент көмекшісі болып тағайындалғаны жарияланған.

Саида Шавкатқызы - өзбек саясаткері, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің үлкен қызы.

1984 жылы 4 қарашада Өзбек КСР Қоқан қаласында туған.

2019 жылы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2022 жылдан Президент Әкімшілігінің байланыс және ақпараттық саясат секторының меңгерушісі қызметін атқарып келді.

Ойбек Тұрсыновпен некеде, үш баласы бар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны