02.04.2007, 19:09 3070

"Шекара" іс-шарасы барысында Қазақстаннан 1000-нан астам шетелдік шығарылды

АСТАНА. 2- сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесе отырып жүргізген іс-шара барысында сот шешімімен Қазақстаннан 1070 адам шығарылды, олардың 22-сі алыс шетелдерден келген азаматтар болса, 1048-і ТМД азаматтары. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының ІІМ ақпарат және қоғамдық байланыс орталығынан хабарлады.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, кім екендіктерін анықтау үшін 591 азамат қабылдап-таратқышқа қамалған, олардың 15-сі алыс шетелдерден, 576-сы ТМД елдерінен келген. "Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін 82 жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Сонымен қатар, Қазақстанның 824 азаматы өздерінің шақырған шетелдіктердің келу шартын сақтауды қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

"Иртүрлі қылмыстар жасағаны үшін 28 шетелдік ұсталған, олардың барлығы ТМД елдерінің азаматтары; есірткі сақтағаны және сатқаны үшін - 6 адам, қару және оқ-дәрілер сақтағаны үшін - екі шетелдік ұсталды. Көші-қон заңын бұзғаны үшін 18 қылмыстық іс қозғалды",- деп нақтылап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Іс-шара қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасына келу ережесін" бұзғаны үшін 7000 мыңдай шетелдік пен азаматтығы жоқ тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылған, олардың ішінде 324-і алыс шетелден келген азаматтар болса, 6488-і ТМД азаматтары.

Ішкі істер министрлігінен түсіндіргендей, "Шекара"атты іс-шарасы ТМД-ға мүше елдердің лаңкестікпен және экстремизмен, басқа да зорлық-зомбылық көріністерімен күрестегі 2005-2007 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес, сонымен қатар ТМД елдерінің ішкі істер министрлер кеңесі отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес жүргізіліп отыр. "Шекарадағы елді-мекендерде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери қызметкерлерінің қатысуымен шекаралық - паспорттық режимді тексеруге қатысты рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Шетелдік жұмыс күшін тартатын 1167 кәсіпорын мен ұйым, 826 оқу орындары тексерілді",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны