21.03.2020, 22:52 3812

Шекара ведомствосынан мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілерді қорға шығару төтенше жағдай кезеңінде тоқтатылды

Мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілерді қорға шығаруды қайтадан бастау бойынша ары қарай шаралар қосымша хабарланатын болады.

Алматы. 21 наурыз. Kazakhstan Today - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 жаңа коронавирусы пандемиясын жариялағанына байланысты, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 2020 жылғы 16 наурызы 08 сағат 00 минуттан бастап 2020 жылғы 15 сәуірі 07 сағат 00 минутқа дейінгі аралықта төтенше жағдай енгізілді.

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 26 бабының 5 тармағына сәйкес, белгіленген мерзімді өткерген адамдарды әскери қызметтен босату төтенше немесе әскери жағдай енгізілгенде тоқтатылатындығы туралы, Сіздерге Шекара қызметі хабарлайды.

Осыған байланысты, шекара ведомствосынан мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілерді қорға шығару төтенше жағдай кезеңінде тоқтатылды.

Мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілерді қорға шығаруды қайтадан бастау бойынша ары қарай шаралар қосымша хабарланатын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны