29.05.2009, 13:13 1413

Шекарашылар жасағы шекарадан заңсыз өтуге әрекет жасаған және осы кезде шекаршыларды қағып өте жаздаған Ресейдің төрт азаматын ұстады

Шекарашылар жасағы шекарадан заңсыз өтуге әрекет жасаған және осы кезде шекаршыларды қағып өте жаздаған Ресейдің төрт азаматын ұстады

Алматы. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Өскемен шекара отрядының шекарашылар жасағы шекарадан заңсыз өтуге әрекет жасаған және осы кезде шекаршыларды қағып өте жаздаған Ресей Федерациясының төрт азаматын ұстады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "28 мамырда Өскемен шекара отрядының "Шемонаиха" шекарашылар жасағы Қазақстанға автокөлікпен шығып, шекарадан заңсыз өтуге әрекет жасаған Ресей Федерациясының төрт азаматын ұстады".

"Шекарашылар жасағының тоқтау жөніндегі талабына автокөлік жүргізушісі назар аудармай, кері бұрылып, Ресей Федерациясына қарай беттеген, осы орайда ол шекара бұзушының жолын кес-кестеген шекарашыларды қағып өтуге әрекет жасаған, шекарашылар жасағының жетекшісі табельдік қарудан ескерту мақсатында екі оқ ату арқылы ғана көлікті тоқтауға мәжбүрлеген", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Ресейдің ұсталған азаматтары шекарашылар жасағына қарсылық көрсетуге тырысқан, олардың бәрі де мас күйінде болған. Қазір ұсталған ресейліктер шекара заставасында отыр, бұл дерек бойынша тексеру жүргізілуде. Қару пайдаланудан ешкім зардап шеккен жоқ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны