20.07.2019, 18:16 11202

Шекарашылар Ресейде жоғалған автокөліктерді Өзбекстанға асырмай ұстады

Сарыағаш шекара отрядының "Қапланбек авто" бөлімшесінде шекарашылардың Өзбекстанға қарай өтпек болған "Тойота Rav 4" автокөлігін тексеруі барысында, оның Ресей Федерациясында іздеуде тұрған автокөлік екендігін анықталды.

Нұр-Сұлтан. 20 шілде. Kazakhstan Today - Сарыағаш шекара отрядының "Қапланбек авто" бөлімшесінде шекарашылардың Өзбекстанға қарай өтпек болған "Тойота Rav 4" автокөлігін тексеруі барысында, оның Ресей Федерациясында іздеуде тұрған автокөлік екендігін анықталды. Жүргізушісі 1976 жылғы Тәжікстан азаматы ұсталып, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Бұл кешкі сағат 21.30-дар шамасында болған оқиға еді. Арада екіжарым сағат өткенде дәл осындай, Өзбекстанға қарай бет алған тағы бір "Тойота Rav 4"автокөлігі тексеру орнына кірді. Бұл да Ресей аумағынан үшті-күйлі жоғалған автокөлік екен. Оның жүргізушісі,40 жастағы ресейлік те ұсталып полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны