24.08.2006, 11:39 3037

"Шеп-2006" жаттығулары барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер Қарулы күштерінің барлық әскер түрлері арасындағы ықпалдастық мәселесі дәйектеледі

АҚТАУ. 24-тамыз. Kazakhstan Today. "Шеп-2006" жаттығулары аясындағы бірлескен операциялар барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер Қарулы күштерінің барлық әскер түрлері арасындағы ықпалдастық мәселесі тәптіштеледі. Бұл туралы ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Николай Поспелов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Н.Поспеловтың айтуынша, Орталық Азия аймағында болуы мүмкін бір оқиға үлгісі оқу-жаттығулардың сценарийі ретінде таңдалды. Оқу-жаттығулар бұған дейінгілер секілді таза әскери сипатта емес, деді ол. Онда алғаш рет қауіпсіздікке төнетін барлық қауіп-қатер түрлері бойынша бірлескен шаралар дәйектеледі. Бұл ретте контртеррорлық бағытқа баса назар аударылады.

Маңғыстау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент төрағасы Бейсенбай қалиевтің айтуынша, оқу-жаттығулардың алғашқы кезеңінде ұжымдық қауіпсіздік күш-құралдарын Қазақстан аумағында пайдалануға бағытталған бірлескен шешімдерді қабылдау алгоритмі мен оларды кешенді жүзеге асыру жолдары тәжірибе жүзінде пысықталады. Екінші кезеңінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қарулы күштері бөлімдерінің тәжірибелік іс-әрекеттері жүзеге асырылады.

Б.Қалиевтің айтуынша, осы мақсаттағы жиындар ағымдағы жылдың мамыр айында абсталған. Қабылдаушы жақ ретінде тылдағы қамтамасыздықты Батыс аймақтық басқармасы толық өз мойнына алған.

Департамент төрағасының айтуынша, оқу-жаттығулар кезінде 60 бронетехника мен 50 зеңбірек және минометтер пайдаланылады. Оған сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның әскери әуе күштері, жалпы алғанда 40 ұшақ пен тікұшақ, РФ әскери-теңіз күштері, Каспий флотилиясының жиынтық отряды мен кемелері жұмылдырылады.

Б.Қалиевтің айтуынша, оқу-жыттғулардың ақырғы кезеңі 26-тамызда өтеді. Сол күні әр елдердің өкілдері, соның ішінде Қазақстандағы әскери-дипломатиялық корпустың әскери атташелері келіп жетеді. АҚШ, Үндістан, Ұлыбритания, Беларусь және Армениядан әскери өкілдер келеді деп күтілуде.

Оқу-жаттығуларға Қазақстанның қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев қолбасшылық жасайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, оқу-жаттығулар 24-29-тамыз аралығында Маңғыстау облысында өтеді. Кеше Ақтауда басталған оқу-жаттығуларға 2,5 мың әскери қатысуда.

"Бұл жаттығулар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер армияларының оперативтік және жауынгерлік дайындығына бағытталған бірлескен шаралардың жоспарына сәйкес жыл сайын өткізіледі. Қазіргі оқу-жаттығулар антитеррорлық сипатта. Олар үш кезеңмен өткізіледі. Бірінші және екінші кезеңі - бірлескен командалық-штабтық шаралар болса, үшіншісі - тактикалық жаттығулар",- дейді қорғаныс министрлігіндегілер.

Оқу-жаттығулардың тақырыбы - ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күш-құралдарының теңіздегі бірлескен операцияларын жүргізу мен оған дайындық. Оқу-жаттығулар барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге лайықты жауап қатуға арналған күш-құралдарды қолдану туралы шешімдерге дайындалу мәселелерін тәптіштеу межеленген.

"Шеп-2006" жаттығуларына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан мен Тәжікстанның әскерилері қатысады. Өзбекстанның Қарулы күштерінің өкілдері бақылаушы ретінде қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны