28.10.2007, 14:17 2920

Шетел валютасын заңсыз алып өтпек болған Қазақстанның екі азаматы ұсталды

Шетел валютасын заңсыз алып өтпек болған Қазақстанның екі азаматы ұсталды.

Астана. 28-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматының жол-көлік бақылау қызметкерлері шетел валютасын заңсыз алып өтпек болған Қазақстан Республикасының екі азаматын ұстады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республкасыны Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің ақпараттарына сүйенсек, Алматы - Дубай бағытындағы № 897 әуе рейсімен ұшпақ болған Қазақстан Республикасының азаматшасы ұсталған. Ийел 37 мың АҚШ долларын заңсыз алып өтпек болған.

Қазақстанның тағы бір азаматшасы 48,7 мың АҚШ долларын Алматы -Үрімжі бағытындағы әуе рейсімен алып ұшпақ болған жерінен құрықталды.

Сонымен қатар, Павлодар облысының Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері "Шарбақты" кедендік пункітінде Үшқарасу - Новосибириск бағыты бойынша жеңіл көлікпен бет алған Ресей Федерациясының азаматын тексеру барысында декларацияда көрсетілмеген 228,4 мың ресей рублі көлемінде шетел валютасын тапқан, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны