04.09.2009, 17:22 3030

Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы отырысында шетелдік инвесторлардың технологиялық дамуды әртараптандыру саясатына қатысуы басты тақырыпқа айналады

Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы отырысында шетелдік инвесторлардың технологиялық дамуды әртараптандыру саясатына қатысуы басты тақырыпқа айналады

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы отырысында шетелдік инвесторлардың технологиялық дамуды әртараптандыру саясатына қатысуы басты тақырыпқа айналады. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ғылым және ғылыми саясат жөніндегі кеңестің отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз бұл мәселені Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы отырысында көтеруге тиіспіз", - деді мемлекет басшысы.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің келесі мәжілісі 2009 жылғы желтоқсан айында Астанада өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны