30.01.2008, 18:12 3097

Шетелдік инвесторларға өздері үшін қазақстандықтар қатарынан мамандар дайындауды міндеттеу керек - президент

Шетелдік инвесторларға өздері үшін қазақстандықтар қатарынан мамандар дайындауды міндеттеу керек - президент

Астана. 30 қаңтар. Қазақстан Бүгін - Шетелдік инвесторларға өздері үшін қазақстандықтар қатарынан мамандар дайындауды міндеттеу керек. Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Шетелдік инвесторлар қазақстандық мамандар дайындау міндеттемесін жүктеп алуға тиіс деп ойлаймын. Қазақстанның жер қойнауымен жұмыс істеуге келдің екен, онда жыл сайын шетелдерде өз компанияларыңда 100-200 адамды дайындау міндеттемесін жүктеп аласың деу керек. Бұл міндет жұмыс істеп жатыр, бірақ біз оны нақтылауымыз керек", -деді президент.

Жалпы алғанда мемлекет басшысы еліміздің мамандар әлеуетін нығайту жұмыстарын одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті. "Бізге ХХІ ғасырда жұмыс істей алатын адамдар, ішкі және сыртқы процестерден толық хабардар кәсіби мамандар, мемлекет мүддесін жеке басының мүддесінен жоғары қоя білетін, басқарудың ең озық тәсілдерін енгізуге дайын адамдар қажет", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны