04.06.2007, 17:38 3006

Шығыс Қазақстан облысында судья пара алғандығы үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды

АСТАНА. 4 - маусым. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында судья пара алғандығы үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Өскемен қалалық сотының үкімімен Риддер қалалық сотының судьясын 10 мың теңге көлемінде пара алғандығы үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағының "а" тармақшасында қарастырылған "пара алу" қылмысын жасады деп танып, мүлкін тәркілеп, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Зайсан аудандық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209-бабының 3-тармағының "а" тармақшасы бойынша (экономикалық контрабанда) "Майқапшағай" кеден бекетінің маманы, кеден қызметінің капитанын және "Майқапшағай" мал дәгерлік-бақылау бекетінің маманы-мемлекеттік мал дәрігерлік бас инспекторын мүліктерін тәркілеумен 3 жыл және 6 айға бас бостандықтарынан айырды. "Жоғарыда көрсетілген тұлғалар қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, және де Қытай Халық Республикасынан Қазақстан аумағына шошқа әкелуге тыйым салынғандығын біле тұра, республикаға күйдіргі індетін жұқтырған шошқаларды әкелген",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны