15.01.2008, 14:30 1900

Шығыс Қазақстан облыстық тәртіп сақшыларының тікұшақпен алғашқы ұшулары бірнеше браконьерлік деляналар табуға мүмкіндік берді

Шығыс Қазақстан облыстық тәртіп сақшыларының тікұшақпен алғашқы ұшулары бірнеше браконьерлік деляналар табуға мүмкіндік берді

Семей. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облыстық тәртіп сақшыларының тікұшақпен алғашқы ұшулары бірнеше браконьерлік деляналар табуға мүмкіндік берді. Бұл туралы агенттік тілшісіне ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "шығыс қазақстандық тәртіп сақшылары облыстық әкімшіліктен ішкі істер департаментіне 2007 жылдың желтоқсан айында МИ-2 маркалы екі тікұшақ берілген сәттен бері 18 ұшуға шыққан".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұшулардың мақсаты - республикалық маңызы бар автотрассалардағы ахуалды, сондай-ақ, аяқ жету қиын таулы, тайгадағы және далалық аумақтардағы ахуалды қадағалауға саяды.

"Риддер мен Зыряновск жағына шығу барысында табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициясы бөлімінің қызметкерлері мен жол полициясының қызметкерлері бірнеше браконьерлік деляналарды тапты. Рациямен жергілікті жерлерге координаттары көрсетілген хабарламалар жіберілді", - деп хабарладйы баспасөз қызметі.

"Тәртіп сақшыларының әуеде жинаған мәліметтері қорықшылар, аңшылық шаруашылықтары үшін аса маңызды, өйткені олар кейбір хайуанаттар түрлерінің облыс аумағы мен одан тысқары жерлерге көшіп қону жолдарын бақылап отыруға жол ашады", - деді ІІД баспасөз хатшысы Л. Поломошнова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны