22.07.2018, 20:26 4192

"Шығыс-Антитеррор 2018" Республикалық жедел-тактикалық оқу жаттығуы өткізілді

Жаттығу барысында шартты енгізілген "террористік қауіптіӊ қызыл деӊгейі" шеӊберінде арнаулы мақсаттағы бөлімшелер тұтқынға алынған адамдарды босату, террористерді қарусыздандыру және жою бойынша арнаулы операция өткізді.

Астана. 22 шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 20 шілдесінде Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығыныӊ қолдауымен Шығыс Қазақстан облысыныӊ аумағында "Шығыс-Антитеррор 2018" Республикалық жедел-тактикалық оқу жаттығуы өткізілді.

Аумақтағы қауіпті өндірістік объектілерде терроризм актілерін жасаудыӊ түрлі сценарийлеріне әсер ету және хабарландыру жүйесін әрі қарай жетілдіру сұрақтары жолға қойылды. Олардыӊ салдарын алдын алу, жолын кесу және жою бойынша тартылатын мемлекеттік органдардыӊ өзара әрекеттесу деӊгейін жоғарылатуға назар аударылды.

Жаттығу барысында шартты енгізілген "террористік қауіптіӊ қызыл деӊгейі" шеӊберінде арнаулы мақсаттағы бөлімшелер тұтқынға алынған адамдарды босату, террористерді қарусыздандыру және жою бойынша арнаулы операция өткізді.

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны