07.11.2017, 19:50 3983

Шымкент қаласыныӊ әкімі болып Нұрлан Сауранбаев тағайындалды

Бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласыныӊ әкімі лауазымына тағайындалған Нұрлан Ермекұлы Сауранбаевты қала активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Шымкент. 7 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігі мен қалалық мәслихаттыӊ келісімі бойынша Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ өкімімен Шымкент қаласыныӊ әкімі болып Нұрлан Сауранбаев тағайындалды,-деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласыныӊ әкімі лауазымына тағайындалған Нұрлан Ермекұлы Сауранбаевты қала активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Шымкент қаласы Елбасыныӊ назарындағы экономикасы мен құрылысы қарқын алған еліміздегі үшінші қала екенін айтқан аймақ басшысы қала әкіміне жаӊа жұмысында жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

"Сіз кәсіби деӊгейі жоғары, мемлекеттік қызметтіӊ түрлі саласынан өткен тәжірибелі мамансыз, сондықтан да Нұрлан Ермекұлы қаланыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер етіп отырған бірқатар мәселелерге назар аударып, мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалуын қамтамасыз етуді, қала бюджетініӊ кіріс бөлігін арттыруды. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында инвесторлар тартуды, жаӊа өндіріс орындарын ашу арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтуды, қалаға жаӊадан қосылған елді мекендердіӊ инфрасртуктурасын дамыту бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырамын",-деді облыс әкімі.

Н.Е.Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі - экономист.

Еӊбек жолын 1991 жылы Астана қаласында "Еӊбек" компаниясыныӊ бас директоры болып бастаған.

1997-2002 жылдары Қазақстанныӊ кәсіпкерлер конгрессініӊ атқарушы директоры, "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынныӊ "Жолаушылар тасымалы" еншілес кәсіпорын директоры, "АНПЗ" ашық акционерлік қоғамыныӊ бірінші вице-президенті ретінде еӊбек еткен.

2002-2016 жылдары "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамыныӊ Инжинирингтік және сервистік қызметтер департаментініӊ директоры, Мұнайды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры, Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, Қазақстан Республикасыныӊ Индустрия және жаӊа технологиялар вице-министрі, Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрініӊ орынбасары лауазымдарын атқарған.

2017 жылдыӊ ақпан айынан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтыӊ ұйымдастыру комитетініӊ басшысы лауазымын атқарып келген.

"Құрмет" және "Парасат" ордендерімен, "Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалімен наградталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны