12.01.2009, 15:56 2815

Шымкенте тәртіп сақшылары қарақшылық шабуылға қатысушыларды құрықтады

Шымкенте тәртіп сақшылары қарақшылық шабуылға қатысушыларды құрықтады

Шымкент. 12 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шымкенте тәртіп сақшылары кәсіпкердің пәтеріне қарақшылық шабуыл жасауға қатысқан төрт адамды құрықтады. Бұл туралы ОҚО ІІД бастығының орынбасары,полковник Батырбек Отыншиев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"8 қаңтар күні кешке бетперде киген, тапанша, таяқ және шолақ мылтықпен қаруланған үш белгісіз қылмыскер 17-ші ықшамауданда тұратын бір кәсіпкердің пәтеріне басып кірген. Қару көрсетіп қорқытқан олар ақша мен алтын аталап еткен. Алайда, шабуылшылар бұрын алған ақпараттың арқасында торуыл ұйымдастырған тәртіп сақшыларының қолына түсті", - деді Б. Отыншиев.

Полковниктің айтуынша, шабуылға қатысушы төртінші адам - 30 жастағы әйелді полиция қызметкерлері BMW көлігінде сыбайластаарын тосып отырған кезде қолға түсірді. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны