03.10.2016, 13:41 5098

Шымкентте әскерге күзгі шақырылым басталды

Шымкент қаласыныӊ қорғаныс істер жөніндегі басқармасы бойынша 300-ден астам азамат әскер қатарына алынуы тиіс.

Шымкент. 3 қазан. Kazakhstan Today - Шымкентте әскерге күзгі шақырылым басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шымкент қаласыныӊ қорғаныс істер жөніндегі басқармасы бойынша 300-ден астам азамат әскер қатарына алынуы тиіс.

Осыған орай күзгі науқан бойынша шақыру комиссиясыныӊ мүшелері бас қосты. Оған қала әкімініӊ орынбасары, шақыру комиссиясыныӊ төрағасы Қайрат Нұртай, Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, полковник Ибдіғани Шегебаев қатысты.

Жиында азаматтарды көктемгі әскерге шақыру жұмыстары қорытындыланып, алдағы күзгі шақырылым бойынша дайындық пысықталды. Қайрат Нұртай қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына жаӊа ғимарат қарастырылатынын жеткізді. Қазір жер телімі беріліп, құрылыс жобасы жасалып жатыр.

Сондай-ақ жиында әскери командаларды уақыты жасақтау және жергілікті әскери басқару органдарыныӊ қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша мәселелер жайы талқыланды. Қазір әскер жасындағы өӊір жастары медициналық тексеруден өтіп жатыр.

Айта кету керек, әскери құрылымдарға, әскери қызметтерге азаматтарды шақыру бойынша ОҚО еліміздегі үштікке енген. Жуырда қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманыӊ жұмысы жоғары бағаланып, полковник Ибдіғани Шегебаев пен әскери келісім-шарт және шақыру бөлімініӊ бастығы Жанар Пернеханова қорғаныс министрлігі ұйымдастыру-жұмылдыру департаментініӊ марапатына ие болды.

Елбасыныӊ жарлығына сәйкес Қазақстанда 1 қазаннан бастап әскерге күзгі шақырылым басталды. Дәстүрлі үрдіс 30 желтоқсанға дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны