12.12.2007, 18:45 3089

Шымкентте баланы қорлады деп айыпталған жасөспірімге үкім шығарылды

Шымкентте баланы қорлады деп айыпталған жасөспірімге үкім шығарылды

Шымкент. 12-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте бүгін 16 сағатта төрт жасар баланы зорлады деген айып тағылған жасөспірімге үкім шығарылды. Сот оны сегіз жарым жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын жалпы режимдегі абақтыда өтейтін болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі айыпталушының өкілі Қазым Надировқа сілтеме жасай отырып.

"Сот жасөспірімді сегіз жарым жылға бас бостандығынан айырды",- деп хабарлады Қ. Надирова. "Біз адвокатпен сот шешімін аппелияцияға беру жөнінде ақылдасамыз",- деп қосты ол. Оның айтуынша, сот процессі Шымкент қаласының Ил-Фараби атындағы сотында өткен.

"Мен және менің әріптесім айыпталушының өкілі болдық, себебі оның ата-аналары бүгінгі күнге дейін бой тасалауда, атасы науқас, ал тағы бір жақын туысы жуықта асылып өлді",- деп түсіндірді Қ. Надиров.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 28 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би аудандық ішкі істер бөліміне Маятас ауылының бір тұрғыны өзінің 4 жасар ұлына жыныстық зорлық жасалғанын айтып шағымданған болатын. Аталмыш дерек бойынша кәмелеттік жасқа толмаған 1991 жылы туған жергілікті тұрғын анықталып ұсталып, сол күні жергілікті уақытша тергеу изоляторына қамалған болатын. Бұл оқиға халық арасында толқу тууына апарып соққан, оның соңы қоғамдық тәртіптің бұзылуына қатысты жекелеген оқиғалардың бой көтеруіне түрткі болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны