11.04.2008, 14:45 3434

Шымкентте бопсалаушылық жасады деген күдікпен учаскелік полиция инспекторы ұсталды

Шымкентте бопсалаушылық жасады деген күдікпен учаскелік полиция инспекторы ұсталды

Шымкент. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің ішкі қауіпсіздік қызметкерлері бір әйелден оның інісінің үстінен қылмыстық іс қозғаймын деп қорқытып, ақша бопсалаған учаскелік полиция инспекторын ұстады. Бұл туралы кеше өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Шымкенттің бір әйел тұрғыны Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасына арыз айта келді. Ийел өзінің 17 жастағы інісі ұялы телефонға қатысты тонаушылық жасаған күдікті ретінде танылғанын , ал учаскелік полиция инспекторы қылмыстық іс қозғамау үшін 20 мың теңге талап еткенін хабарлады", -деді баспасөз хатшысы.

Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері әйелге таңбаланған қағаз ақшалар беріп, ақшаны тапсыру сәтін бейнекамераға түсіріп алған.

"Күдікті тәртіп сақшысы ішкі істер органдарында 2006 жылдан бері жұмыс істейді, ол 29 жаста. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177- бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптың қолданылу себебі, учаскелік инспектор орташа ауыр қылмысқа қатысы бар ұсталғанға немесе күдіктіге қатысты қандайбір процессуалдық шешім қабылдау құзыретіне ие болып табылмайды", -деді баспасөз хатшысы.

Ұсталған тәртіп сақшысы уақытша тергеу абақтысына қамалды. Жалпы алғанда облыс тұрғындарынан жыл басынан бері тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеттері жөнінде 324 шағым түскен. Баспасөз хатшысының айтуынша, олардың жартысы расталмаған. Қалғандары Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасында тексеріліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны