02.07.2008, 11:14 1236

Шымкентте Халыққа қызмет көрсету орталығының курьері алаяқтық жөніндегі күдікпен ұсталды

Шымкентте Халыққа қызмет көрсету орталығының курьері алаяқтық жөніндегі күдікпен ұсталды

Шымкент. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері бір әйелден үйді қайта рәсімдеуге ақша талап еткен Халыққа қызмет көрсету орталығының курьерін құрықтады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова хабарлады.

Оның айтуынша, жуырда қаржы полициясына шағымдана келген әйел Халыққа қызмет көрсету орталығының бір маманы өзінен үй құжаттарын қайта рәсімдеп тіркеу үшін 25 мың теңге талап еткенін хабарлаған.

"Қаржы полициясының қызметкерлері осы өтініштің негізінде шұғыл іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратының дәлізінде 20 мың теңге алып жатқан сәтте №2 жедел қызмет көрсету орталығының курьері қолға түсті", - деді Ж. Мамытова.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір ұсталған курьердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 2-тармағы (алаяқтық) және 28-бабының 4-тармағы; 312-бабының 2-тармағы (пара беруге арандату) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны