12.01.2009, 18:00 4007

Шымкентте қалалық ІІБ қайта құрылуда

Шымкентте қалалық ІІБ қайта құрылуда

Шымкент. 12 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте қалалық полициясының құрылымы жаңаланып, қайта құрылуда. Бұл туралы ОҚО ІІД бастығының орынбасары, полковник Батырбек Отыншиев бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2008 жылдың 24 желтоқсанында ҚР үкіметінің Шымкент қалалық ішкі істер басқармасын құру жөніндегі қаулысы қабылданды. Қазір Шымкентте жұмыс істейтін үш аудандық басқарма ішкі істер бөлімі деген дәрежеге ие болады", - деді Б. Отыншиев. Оның айтуынша, қаулы жуырда ғана қабылданғандықтан, қалалық полицияның басшылық құрамы мен қызметкерлері жөнінде нақты ақпарат беру әзірге қиын. Қалалық ІІБ-ның қандай ғимаратта орналасатындығы да қазір белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны