18.06.2010, 16:55 2971

Шымкентте Қазақстан президентінің ескерткішін орнату жоспарлануда

К. Дулатовтың хабарлауынша, Алматының белгілі мүсіншілері Нұрсұлтан Назарбаевтің ескерткішін жасап бітірген. Тапсырыс беруші "Қазақ хандығы" қоғамдық қоры болып табылады.

Шымкент. 18-маусым. Kazakhstan Today Шымкентте Қазақстан президентінің ескерткішін орнату жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Қазақ хандығы" қоғамдық қорының бастығы Камалиддин Дулатовқа сілтеме жасай отырып.

К. Дулатовтың хабарлауынша, Алматының белгілі мүсіншілері Нұрсұлтан Назарбаевтің ескерткішін жасап бітірген. Тапсырыс беруші "Қазақ хандығы" қоғамдық қоры болып табылады.

"Ескерткіш Шымкентке қойылады, бірақ қазір емес, келесі жылы. Мерейтойға жоспарлаған болатынбыз, бірақ... өздеріңізге белгілі ескерткіш орнатқанды былай қойғанды, тойлауға (президенттің мерейтойын агенттіктің ескертуі)да тыйым салынды ғой". Сондықтан да ескерткішті Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай орнатамыз",- деп хабарлады К. Дулатов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны