04.03.2010, 14:44 3249

Шымкентте "Кропаль" лақап атымен танымал қылмыстық топтың беделді мүшесі құрықталды

Шымкентте "Кропаль" лақап атымен танымал қылмыстық топтың беделді мүшесі құрықталды

Шымкент. 4 наурыз. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында қылмыстық әлемде "Кропаль" лақап атымен танымал қылмыстық топтың беделді мүшесі құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері және ҚР ОҚО бойынша ҰҚҚД-нің қызметкерлерімен жедел іс-шаралар жүргізу барысында, ҚР ІІМ-нің жедел анықтамалық есебінде "қылмыстық ортаның беделдісі" ретінде есепте тұратын, 25 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды.

"Күдіктінің жеке басын қарау барысында, "Байкал" маркалы тапаншасы 5-дана оғымен және "Оса Лазер" маркалы тапаншасы 4 дана оғымен тәркіленді.

Сот криминалистикалық сараптамасының қорытындысы бойынша, тәркіленіп алынған тапанша атыс қаруына жатады. Сезікті тәркіленген атыс қаруын және оқ дәрілерді заңсыз сақтап, оны өзімен бірге алып жүрген",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ІІД мәліметінше, қазіргі уақытта косы дерек бойынша, ҚК 251-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, және жарылғыш құралдарды, заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер күдіктінің атыс қаруын қандай мақсатта өзімен бірге алып жүргенін анықтауда. (Бұдан бұрын "Кропаль" түрлі қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған. 2004 жылы екі бап бойынша: ҚР ҚК 257-бабы "бұзақылық", ҚР ҚК 178-бабы "тонау", 2008 жылы ҚР ҚК 251-бабы бойынша).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны