09.07.2009, 16:41 2958

Шымкентте пара берді деген күдікпен Ресей азаматы ұсталды

Шымкентте пара берді деген күдікпен Ресей азаматы ұсталды

Шымкент. 9 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері пара берді деген күдікпен Ресей азаматын ұстады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ОҚО ҰҚКД баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

"Ресей Федерациясының азаматы ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкеріне 8 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергеннен кейін қолға түсті. Ақшалай сыйақыны ол бір ЖШС басшысына қатысты істі тергеу алдындағы тексеру материалдары бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту жөнінде оң процессуалдық шешім шығарту үшін ұсынған", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұсталғанның үстінен

ҚР Қылмыстық кодексінің 312-ші бабының 3-тармағының "б" тармақшасы бойынша (ірі көлемде пара беру) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұтқындалды, ол ОҚО ҰҚКД тергеу абақтысында қамауда отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны