20.10.2016, 12:49 4334

Шымкентте ТМД-да теӊдесі жоқ мемлекеттік қызмет көрсету орталығы ашылды

Бүгін өӊір басшысы Жансейіт Түймебаевтыӊ қатысуымен Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ орталығы - Шымкент қаласында жаӊа "Front office" мемлекеттік қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 20 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін өӊір басшысы Жансейіт Түймебаевтыӊ қатысуымен Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ орталығы - Шымкент қаласында жаӊа "Front office" мемлекеттік қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ғимараттыӊ ашылу рәсіміне қала әкімі Ғ.Ибдірахымов пен депутаттар қатысты.

Тұӊғыш рет Шымкент қаласы әкімдігініӊ жанынан ашылған "фронт-кеӊсе" ТМД-дағы теӊдесі жоқ жоба болып табылады. Мұнда қалалық әкімдік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердіӊ барлық түрін бір жерден "Бір терезе" жүйесі арқылы ұсынады. Сала жауаптыларыныӊ айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсетудіӊ бұл түрі бизнес жүйесініӊ өкілдеріне сенім береді дейді.

Орталықтыӊ ішін аралап, жұмысымен танысқан облыс әкімі "фронт-офис" қызметкерлерініӊ жұмысына табыс тіледі.

"Front office" құру идеясы - жақсы бастама. Енді орталықты халыққа кеӊінен таныстырып, насихат жұмыстарын қолға алуымыз керек. Сонымен бірге, облысқа қарасты барлық аудан, қала әкімдіктерініӊ мамандары осында келіп үйреніп, тәжірибе алмасуы қажет. Осылайша, толықтай ашықтықта жұмыс істеп, халыққа қызмет жасауымыз керек", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өз кезегінде, сөз алған Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидулла Ибдірахымов аталған қызмет көрсету жобасыныӊ смартфондарға арналған қосымшасын дайындау мәселесі қолға алынып жатқанын, яғни, халыққа мейлінше, ыӊғайлы болу жағы ойластырылып жатқанын жеткізді.

Айта кету керек, "фронт-офис" жүйесініӊ артықшылығы сол, еӊ алдымен, өтініш иесініӊ құжаттарын қабылдау кезінде оған арнайы бақылау коды беріледі. Тіркеуге алынған құжат штрих код арқылы әкімдіктіӊ тиісті бөліміне жөнелтіледі. Өтініш қысқа мерзімде қаралған соӊ жауабы "Фронт-офиске" бағытталып, тұрғындарға беріледі немесе өтініш иесініӊ электронды мекен-жайына жіберіледі. Сондай-ақ өтініш иелері бақылау коды арқылы өтініштіӊ қаралу барысы жөнінде мәлімет алуға мүмкіндігі бар.

Ол үшін "shymkent.gov.kz/frontoffice" сайтына кіру арқылы немесе байланыс орталығыныӊ 545-545 телефонына қоӊырау шалу арқылы ақпарат алуға болады. Бұл бір сөзбен, ыӊғайлы, жылдам әрі заман талабына сай қызмет түрі болып саналады.

"Фронт-офистіӊ" қызметіне жүгіну арқылы кез-келген тұрғын өз уақытын үнемдеуіне болады. Қуантарлығы, бұл электронды жоба бюрократиялық қағазбастылықтан құтылу, сыбайлас жемқорлық қылмыстарыныӊ санын азайту, билік органдары мен халықтыӊ арасындағы кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.

Жаӊа кеӊседе 25-26 маман еӊбек етіп, 400-ден астам мемлекеттік қызмет түрін көрсететін болады деп жоспарланып отыр. Барлық өтініш, сұрақтарға ҚР Заӊнамасында белгіленген мерзімде жауап берілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны