30.04.2014, 21:58 9463

ШҚО мен РФ шекаралық аймақтары ынтымақтастықты нығайтуда

ШҚО Бесқарағай ауданы мен РФ Алтай өлкесі Углы ауданы арасында білім, мәдениет, спорт және экономика саласында алыс-беріс артатын болды.

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan today. ШҚО Бесқарағай ауданы мен РФ Алтай өлкесі Углы ауданы арасында білім, мәдениет, спорт және экономика саласында алыс-беріс артатын болды.

Бесқарағай ауданының ресми делегациясы Алтай өлкесінің Углы ауданында өткен "Наурыз" аймақтық ұлттық мәдениет фестивалі аясында ұйымдастырылған "Достық гүлтәжі" мерекесіне қатысты. Шекараралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында халықтық шығармашылық көрмесі, спорттық жарыстар, достық дастарханы мен гала-концерт өтті, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

Фестиваль барысында балалар жасөспірімдер спорт мектептерінің қатысуымен спорттық жарыстар өткізілді.Іс сапар барысында шекаралас аймақтардың екі ауданы өзара алыс-берісті кеңейту жөнінде ұсыныс-тілек білдірісіп, қатынастарын құжатпен бекітті.

Енді Бесқарағай ауданы мен Алтай өлкесінің Углы ауданы білім, мәдениет, спорт және экономика салаларында серіктестік жасау жөніндегі Меморандум аясында интеграциялық байланысты нығайтатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны