05.06.2014, 19:49 3020

ШҚО-да Ресейдің Бас консулдығы ашылды

Осыған дейін Ресейдің азаматтығын алғысы келген немесе құжаттарын заңдастырғысы келген азаматтар Алматы мен Астанаға баруға мәжбүр болған. Ал, енді бұл қызметті олар Өскеменде де ала алады.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. ШҚО-ның Өскемен қаласында Ресейдің Бас консулдығы ашылды. Салтанатты рәсімге Қазақстандағы Ресейдің елшісі Михаил Бочарников қатысты.

Енді, ШҚО мен Павлодар облысының тұрғындарына Ресейдің азаматтығын немесе виза алу айтарлықтай жеңіл болады, деп ШҚО Ақпараттық орталығынан хабарлады.

Осыған дейін Ресейдің азаматтығын алғысы келген немесе құжаттарын заңдастырғысы келген азаматтар Алматы мен Астанаға баруға мәжбүр болған. Ал, енді бұл қызметті олар Өскеменде де ала алады.

"Айта кетерлік жайт, Бас консулдықтың ЕАЭО құрылған соң ізімен ашылуы қуанарлық жағдай. Мен, оның ШҚО мен Павдолар облысының дамуы үшін жұмыс істейтініне сенімдімін. Бұл біздің қазақсатндық-ресейлік қарым-қатынасымызды жақсартады", - деді Михаил Бочарников.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны