14.07.2014, 19:55 1701

ШҚО-да сот тарапынан қаралған азаматтық істер саны 11,3% артты

Кеңес барысында облыстық соттың алқа төрағалары, сот кеңсесінің басшысы және өңірдегі аудандық және оған теңестірілген соттардың кейбір басшыларының атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облыстық сотында 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысына арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Судьялардың еңбек жағдайын жақсарту және сот жүктемесін азайту мақсатында Жоғарғы Сот Төрағасының Өкімдерімен Шығыс Қазақстан облыстық сотының аудандық және оған теңестірілген соттары судьяларының штаттық саны 22 бірлікке артқаны белгілі болды.

Қазіргі таңда сот төрелігін жүзеге асыру процессін жеделдету және оңайлатуға, сондай-ақ сот қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған электронды сот өндірісі бойынша бірқатар пилоттық жобалардың іске асырылып жатыр.

Кеңес барысында облыстық соттың алқа төрағалары, сот кеңсесінің басшысы және өңірдегі аудандық және оған теңестірілген соттардың кейбір басшыларының атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Есепті кезең ішінде Шығыс Қазақстан облысының соттары 23 828 азаматтық (былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға артық), 2 187 қылмыстық және 22 325 әкімшілік істі қараған.

Алға қойылған міндеттердің маңыздылығын назарға ала отырып, облыстық сот төрағасы А.Рахметтулин қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді өз уақытында қарастыруға, сот отырыстарын кейінге қалдыру себептерінің негізділігіне, республиканың қолданыстағы заңнамаларына енгізілген өзгерістерді зерделеу бойынша семинар сабақтарына қатыстыру арқылы судьялардың кәсіби деңгейін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруға, сот актілерін өз уақытында және сапалы әзірлеу бойынша талаптарды күшейтуге, сондай-ақ БАҚ-пен өзара байланысты жандандыруға тұрақты түрде мониторинг жүргізуді тапсырды.

Кеңейтілген кеңес соңында жаңадан тағайындалған 26 судьяның салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны