14.11.2019, 19:58 18547

"Шымкент қаласы бойынша азаматтарға арналған үкімет" ҰАҚ-ның құқықтық қамтамасыз ету маманы алаяқтық жасады деп күдіктелуде

Ол Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кассациялық сатысымен даулы жер учаскесіне қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдауына жәрдемдесуге азаматты алдау арқылы оның 250 мың теңге көлемінде ақшасын иемденіп алды деген күдікке ілінді.

Алматы. 14 қараша. Kazakhstan Today - "Шымкент қаласы бойынша азаматтарға арналған үкімет" ҰАҚ-ның құқықтық қамтамасыз ету маманы алаяқтық жасады деп күдіктелуде.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Cаll-centеr арқылы келіп түскен хабарламаға сәйкес, "Шымкент қаласы бойынша азаматтарға арналған үкімет" ҰАҚ-ның құқықтық қамтамасыз ету маманы тарапынан жасалған алаяқтық әрекет анықталды.

Ол Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кассациялық сатысымен даулы жер учаскесіне қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдауына жәрдемдесуге азаматты алдау арқылы оның 250 мың теңге көлемінде ақшасын иемденіп алды деген күдікке ілінді.

Күдікті өзінің кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысы процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш бергеніне байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмады.

Видео: https://www.youtube.com/watch?v=iXOCF4LD6GU&feature=youtu.be

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны