29.01.2008, 17:57 3165

Сыбайлас жемқорлық армияның басты проблемасы болып отыр - ҚР әскери бас прокуратурасы

Сыбайлас жемқорлық армияның басты проблемасы болып отыр - ҚР әскери бас прокуратурасы

Алматы. 29-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Сыбайлас жемқорлық армияның басты проблемасы күйінде қалып отыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасы әскери бас прокурорының аға көмекшісі, әділет полковнигі Нұрлан Сейсембаев хабарлады.

"Мемлекеттік сатып алулар саласындағы сыбайлас жемқорлық істері жөніндегі тергеу қорытындысы көрсетіп отырғандай, ірі бюджеттік бөлінген қаржылар қорғаныс пен мемлекет қауіпсіздігіне жауапты әскери шенеуніктердің қалтасында қалып отырған", - деп хабарлады Н. Сейсембаев.

Оның айтуынша, олардың қатарында Қарулы күштердің әскери-медициналық жабдықтау бас басқармасының бастығы, медицина қызметінің полковнигі Ыдырысов бар. Ол мемлекеттің 200 млн теңге жоғалтуына кінәлі болып отыр. Қазіргі уақытта ол сотталған, жазасын өтеу үстінде.

Сонымен қатар, мемлекетке 160 млн теңгеден астам шығын келтірген Қорғаныс министрлігінің 11098 әскери бөлімшесінің командирі полковник Алпысбаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Н. Сейсембаевтың хабарлауынша, әскери прокрутураның алқа отырысында "алдын ала тергеу және анықтау қызметіне прокурорлық қадағалау жүргізу, прокурорлық қадағалаудың басқа да салаларындағы проблемалар жіті талқылауға алынды. Құқық қорғау органдары қылмысты сапалы және жедел тергеу міндеттерін әрдайым толық шеше алмайтындығы атап көрсетілді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны