06.05.2014, 23:25 14931

СІМ-де алда өтетін АӨСШК Саммитінің сұрақтары талқыланды

Сыртқы істер министрлігінде ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов Қазақстанда аккредитацияланған азиялық елдердің төтенше және өкілетті елшілерімен кездесу өткізді.

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan today. Сыртқы істер министрлігінде ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов Қазақстанда аккредитацияланған азиялық елдердің төтенше және өкілетті елшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу ағымдағы жылдың 20-21 мамырда Шанхай қаласында өтетін Азиадағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) IV Саммитіне дайындық мәселелеріне арналды, деп Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

Кездесу барысында Е.Ыдырысов Қазақстанның азиялық бағыттағы сыртқы саяси және экономикалық басымдықтары туралы толық баяндап берді.

"Соңғы жылдары Қазақстан мен Азия елдері арасында ең жоғарғы және жоғарғы деңгейдегі саяси үнқатысу қарқынды түрде дамып келеді. Азия елдеріне жоғары деңгейдегі сапарлардың серпіні және азиялық державалар басшыларының Астанаға сапарлары азиялық бағыттың Қазақстан сыртқы саясатындағы артып келе жатқан маңыздылығының дәлелі болып табылады", - деп атап өтті ҚР сыртқы саяси ведомство басшысы.

Қазақстан мен Азия елдері арасындағы ынтымақтастық көптеген көпжақты алаңдарда да жемісті түрде дамуда, оның ішінде АӨСШК аясында да.

АӨСШК үдерісі ретінде жүзеге асқан Қазақстанның азиялық континентте қауіпсіздікті көпдақты форматта қамтамасыз ету ой-пікірі үлкен халықаралық маңызға ие. "Біздің сіздермен бірге міндетіміз осы алаңды жақын уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз және кепіл етуде жетекші роль ойнайтындай дәрежеге жектізу болып табылады", - деп атап өтті министр.

Қорытындылай келе, қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысы Түркияның Қазақстандағы Елшісі Орхан Тузельге оның мемлекетінің АӨСШК дамуы мен нығаюына қосқан елеулі үлесі үшін ерекше ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, Е.Ыдырысов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Ли Юйге АӨСШК төрағалығы өтетін Қытай тарапы түрік төрағалығының прагматикалық бағытын әрі қарай жалғастырады және оның нығая түсуіне ықпал жасайды деген сенімін жеткізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны