25.07.2017, 19:52 4344

Сингапур Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесініӊ аясында өз ұлттық күнін атап өтті

24-25 шілдеде Қазақстанға ресми сапармен келген Доктор Ко Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовпен, Қазақстан Республикасыныӊ Инвестиция және даму вице министрі Ерлан Хаиров және Астана қаласыныӊ әкімі Исет Исекешевпен кездесті.

Астана. 25 шілде. Kazakhstan Today - Сингапур Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесініӊ аясында өз ұлттық күнін атап өтті. Сауда және өнеркәсіп мемлекеттік аға министрі Доктор Ко По Кун мен Қазақстан Республикасыныӊ Инвестиция және даму вице министрі Ерлан Хаиров қатысып, мерекеніӊ сәнін келтірді. Шара барысында ту көтеру салтанаты мен Сингапурдыӊ тарихына және өзгеруіне арналған мәдени бағдарламасы айтылды.

Сингапур мен Қазақстанды екіжақты және экономикалық байланыстар біріктіреді. 2016 жылы Қазақстан Сингапурмен сауда жасаған Орта Азиядағы бес елдіӊ (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан) ішінде көш бастады. Сингапур мен Қазақстан жақында Инвестициялар туралы екіжақты келісім бойынша келіссөздерді аяқтады, бұл келісім осы елдердіӊ бизнесіне жаӊа іскерлік және ивестициялық мүмкіндіктерді ашады.

Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне Сингапурдыӊ қатысуы осы қарым-қатынасты нығайтудағы батыл қадам болып табылады. Павильон дизайны Сингапурдыӊ "Үлкен идеялардыӊ шағын қаласы" тұжырымдамалық ұранын толық ашып, тұрақты энергетика саласындағы мемлекеттіӊ жеткен жетістіктерін Solar Nova бағдарламасыныӊ, Марино Бэйдегі аудандық салқындату желісініӊ және Нанянг технология университетініӊ студенттік қалашығыныӊ үлгісінде көрсетеді. Көрме барысында Сингапур жаӊа энергетикалық шешімдер саласындағы озық тәжірибемен және білім мен құзыреттілікті кеӊінен алмасу мақсатында, Қазақстандық және Орта Азиядағы басқа мемлекеттердіӊ мемлекеттік құрылымдары мен реттеушілерініӊ өкілдеріне ұлттық әлеуетті арттыру жөніндегі семинарлар өткізеді.

Доктор Ко өз сөзінде: "Сингапур Қазақстанды Астана ЭКСПО көрмесініӊ сәтті өтуімен құттықтайды. ЭКСПО-ға Сингапурдыӊ қатысуы біз үшін тұрақты энергетика саласындағы сараптамамыз бен инновациямызды көрсетудіӊ тамаша мүмкіндігі болып табылады. Қазақстанныӊ ЭКСПО-ны өткізуі елдіӊ бүкіл әлеммен ашық қарым-қатынас құруға дайын екенін көрсетеді. Сингапур компанияларын Қазақстанныӊ экономикалық өсуімен ашылатын жаӊа мүмкіндіктерді және Орта Азия нарығын белсенді игеруге шақырамын", - деді.

24-25 шілдеде Қазақстанға ресми сапармен келген Доктор Ко Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовпен, Қазақстан Республикасыныӊ Инвестиция және даму вице министрі Ерлан Хаиров және Астана қаласыныӊ әкімі Исет Исекешевпен кездесті. Министрлер екі ел арасындағы байланысты нығайтуға және Сингапур мен Еуразялық Экономикалық одақ арасындағы Еркін сауда туралы Келісім жасау сұрақтары бойынша жұмыс жасауға ниетті екенін білдірді. Доктор Ко күн фотоэнергетикалық элементтерін өнідретін зауыттағы күн энергиясыныӊ астаналық паркінде болып, тұрақты энергетика саласындағы Қазақстанныӊ зерттемелерімен танысты.

Сингапур Ұлттық күнініӊ мәдени бағдарламасы туралы ақпараттық анықтама

Сингапур 25 шілдеде Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесініӊ аясында өз ұлттық күнін атап өтті. Сауда және өнеркәсіп мемлекеттік аға министрі Доктор Ко По Кун мен Қазақстан Республикасыныӊ Инвестиция және даму вице министрі Ерлан Хаиров қатысып, мерекеніӊ сәнін келтірді.

"Бояулар мерекесі: Сингапур тарихы" көркем қойылымы қонақтарды Сингапурдыӊ болашағымен тығыз байланысты қалыптасу тарихын тамашалауға шақырады.

Осы әсерлі шоуды продюсер Рудольф Ван Дер Вен, хореограф Эдди Росди және музыкалық директор Эдди Тео дүниеге әкелген. Негізгі орындаушылар - Jungledelics музыка тобы және Сингапурлық 20 биші мен музыканттан тұратын ұжым.

Бұрында Сингапур "Теӊіз қаласы" дегенді білдіретін Темасек атауымен белгілі болатын. Малак жартыаралында сәтті орналасуыныӊ арқасында ол теӊіз жолдарыныӊ табиғи торабы болды, ал дүниежүзімен белсенді түрде сауда жүргізу - қаланы көркейте түсті.

Мынадай аӊыз бар, бірде Оӊтүстік Суматраныӊ Индонезиялық провинициясы Палембанг ханзадасы Санг Нила Утама аӊ аулап жүріп, бұрын көрмеген хайуанға кездеседі. Оны жақсы ырымға балаған ол, аралды "Арыстан қаласы", яғни Singapura деп атайды. Аудармасы "simha" - "арыстан", "pura" - "қала".

19 ғасырда Сэр Томас Стамфорд Раффлз, Британ империясыныӊ лейтенант-губернаторы, 1819 жылы 29 қаӊтарда Сингапурға түседі. Ол осы сазды аралдыӊ әлеуетін танып, жергілікті басшылармен Сингапур сауда портын құру туралы келісім жасайды. Қала заманауи Сингапурдыӊ көпэтникалық қоғамы негізін құра отырып, Қытайдан, Үндістаннан, Малак архипелагымен басқа да жерлерден келімсектерді тартты да, транзитті сауда орталығы ретінде тез дамыды.

Сингапур 1965 жылы 9 тамызда тәуелсіздікке қол жеткізеді. Өз мемлекетін құру барысында сингпаурлықтар аянбай еӊбек етіп, туындаған күрделі мәселелерді лайықты деӊгейде шеше білді. Сингапурдыӊ бірінші Премьер мнистрі Ли Куан Ю мырзаныӊ дана басшылығыныӊ арқасында мемлекет, әлеуетті халықаралық сауда байланысы бар нарықтық экономика ретінде тез гүлденді.

Бүгінде Сингапур - заманауи, көпұлтты және қарқынды дамып келе жатқан, әртүрлі мәдениет пен діни сенім өкілдеріне құшағы ашық қала-мемлекет. Жиырма бірінші ғасырдағы пайдалану деӊгейімізге қарай, барлық күшіміз ортақ армандарымызды, үміттеріміз бен болжамдарымызды іске асыруда серіктестерімзбен тығыз қарым-қатынас құруға бағытталған.

Сингапур мен Қазақстан тығыз байланыста. Сингапур мен Қазақстан арасындағы екіжақты экономикалық қарым-қатынас та жыл сайын қанат жаюда. Орта Азияда Қазақстан Сингапурдыӊ еӊ ірі сауда серіктесі болып табылады - Сингапур мен Қазақстан арасындағы екіжақты тауар саудасы 2016 жылы 23,5 млн. сингапур долларын құрады. Сол жылы Сингапурдыӊ Қазақтсанға экспорты 18,7 млн. сингапур долларымен бағаланды және негізінен жағармайлар, магнит жолақты карточкалар мен жылжымалы жүзгіш доктардан құралды. Қазақстаннан Сингапурға кірген, негізінен мұнай өнімдерінен, өӊделмеген мырыш қоспалары мен хром триоксидінен тұратын импорт 4,9 млн. сингапур долларын құрады.

Қазақстан мен Сингапур арасындағы жалпы екіжақты қызмет саудасы 2014 жылдағы 18 миллионмен салыстырғанда, 2015 жылы 40 млн. сингапур долларын құрады. Сингапур Қазақстанға 25 млн. сингапур долларын құрайтын қызмет экспорттаған болса, Қазақстаннан 15 млн. сингапур долларын құрайтын қызметті импорттады.

Инвестициялар

2015 жылғы ахуал бойынша Сингапурдан Қазақстанға жіберілген тікелей шетелдік инвестиция 180 млн. сингапур долларын құрады. Ал Қазақстаннан Сингапурға бағытталған тікелей шетелдік инвестициялар 1,8 млрд. сингапур долларын құрай отырып, қаржылық және сақтандыру қызметтері секторларына шоғырландырылды.

Қазіргі таӊда Сингапурда 100-ге жуық қазақстандық компаниялар тіркелген. Қазақстанда бизнеспен айналысатын белгілі сингапурлық компаниялар қатарында Surbana Jurong және Educare бар. Бұл ретте, бірінші компания мемлекетте бас жоспарлаудыӊ бірнеше жобаларын жүзеге асыруда.

Туризм

Қазақстан мен Сингапур арасында туристік ағын жылдан жылға өсуде. 2015 жылы, Сингапурдыӊ Туризм жөніндегі кеӊесі Қазақстаннан келген 5 261 туристті тіркеген болатын. Ал Қазақстан 2015 жылдыӊ шілдесінен 2017 жылдыӊ 31 желтоқсанына дейін 15 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімді дипломатиялық, қызметтік және ұлттық төлқұжатына ие болған Сингапур азаматтары үшін визалық тәртіптіӊ күшін жойды.

Сингапур мен Қазақстан арасындағы іс жүзіндегі келісімдер

2006 жылдыӊ қыркүйегінде Қосарлы салықты болдырмау туралы келісімге қол қойылып, 2007 жылдыӊ тамызында күшіне енді

Экономикалық әрекеттестіктіӊ екіжақты платформалары

2009 жылғы бастамамен Қазақстан-Сингапур Бизнес Форумын, екі мемлекеттіӊ инвестициялық және ынтымақтастық мүмкіндіктерін жария ету мақсатында, Сингапур бизнес федерациясы (SBF) мен Қазақстан елшілігі, бірлесе отырып құрды. Төртінші Қазақстан-Сингапур бизнес форумы 20015 жылдыӊ қыркүйегінде өтті.

Сингапурдыӊ Қазақстандағы мүдделері

Сингапур компаниялары Қазақстан нарығында 2000 жылдыӊ басында мәшине жасау, қалалық/көліктік/кәсіпорындық жоспарлау мен білім беру сияқты салаларда өз жұмыстарын бастай отырып, өз филиалдарын аша бастады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны