06.06.2023, 13:17 11196

Өскеменде құдық ішінен ер адамның денесі табылды

Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр
Өскемен қаласында құдық ішінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Inform.kz.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, "102" жедел арнасына белгісіз ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен.

Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына келіп жетті. Мәйіт Назарбаев даңғылы бойында "Адем" аялдамасы маңындағы коммуналдық құдықтардың бірінен табылған. Қазіргі уақытта марқұмның кім екені анықталып жатыр. Әзірге оның нақты неден өлгені белгісіз. Сараптама жұмыстары тағайындалған", - делінген ақпаратта.


Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде Үлбі өзенінің жағасынан жас жігіттің мәйіті табылғаны хабарланған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны