22.07.2019, 19:19 11230

Әскери ұшқыштар күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшуларды орындауда

Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінде жауынгерлік даярлық жоспары бойынша күрделі метеорологиялық жағдайларда және қолайсыз ауа райында күндіз және түнде оқу-жаттықтыру ұшулары өтуде.

Нұр-Сұлтан. 22 шілде. Kazakhstan Today - Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінде жауынгерлік даярлық жоспары бойынша күрделі метеорологиялық жағдайларда және қолайсыз ауа райында күндіз және түнде оқу-жаттықтыру ұшулары өтуде.

Қолайсыз ауа райында жерге қона отырып, күрделі метеорологиялық жағдайларда күндіз және түнде аспаптар бойынша ұшуларды меңгеру майдандық авиация ұшу құрамының жауынгерлік даярлығының маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Ұшу құрамының теориялық сұрақтарды терең зерделеуі, ұшақ кабинасында және тренаждық аппаратурада тренаждарды сапалы өткізу, аспаптар бойынша әдіснамалық тұрғыдан дұрыс оқыту, сондай-ақ шынайы күрделі метеорологиялық жағдайларда жауынгерлік ұшақта жүйелі жаттығу кезінде бұл міндетті сәтті орындауға болады.

Мұндай ұшулар аясында нұсқаушы ұшқыштар қолайсыз ауа райында жиі түрде өздерінің шеберлігін арттырады жәнекүрделі метеорологиялық жағдайларда жауынгерлік іс-қимылдарды орындауға жас ұшу құрамын оқытып-үйретеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны