18.07.2014, 19:15 3063

СҚО әкімдігі мен МЖИ орталығы ынтымақтастық туралы Меморандумға отырды

Тараптардың пайымынша, инвестиция тартуда МЖИ-нің атқарар ролі зор. Бұл мехенизм дергітікті билік органдары мен бизнеске өз бетінше серіктестік орнатуда құрал таңдауға мүмкіндік береді, - деп Акционерлік қоғамның баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігі мен "Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келелі құжат аясында өндіріс, коммуналды қызмет, денсаулық сақтау, білім, энергетика және агроөндірістік кешен салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру көзделген.

Тараптардың пайымынша, инвестиция тартуда МЖИ-нің атқарар ролі зор. Бұл мехенизм дергітікті билік органдары мен бизнеске өз бетінше серіктестік орнатуда құрал таңдауға мүмкіндік береді, - деп Акционерлік қоғамның баспасөз қызметінен хабарлады.

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орнатуға елімізде жіті көңіл бөлініп келе жатыр. Сонымен қатар, осы ретте Елбасы мемлекеттік болып табылатын барлық органдар мен мекемелерге арнайы тапсырма да берді, деп ол ағынан жарылды.

Өз кезегінде, "Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ басқарма төрағасы Азамат Ойнаров орталық бірлескен шешімдерді тиімді жүзеге асыруға әдістемелік көмек көрсетуге және IFC әріптестерімен бірге жобалардың мүмкіндіктерін қарап, аймақ үшін қажеттілерін іріктеуге қолдау көрсетуге дайындықтарын жеткізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны