25.09.2023, 14:10 28691

Солтүстік Қазақстан облысында субсидия төлеу заңсыз тоқтатылған

Кәсіпкерге 948 млн.теңге көлемінде субсидия төленді
Солтүстік Қазақстан облысында субсидия төлеу заңсыз тоқтатылған
Сурет: gov.kz
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары АӨК субъектісінің жолданымы бойынша Ауыл шаруашылығы Басқармасында 2 млрд. теңгеден астам сомаға субсидия төлеуді тоқтата тұру фактісін анықтады, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Мемлекеттік органдардың төлемдерді тоқтата тұру туралы негіз болған шешімдері прокурорлық қадағалау актілері бойынша бұзылды.

Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, кәсіпкердің құқығы сомасы 948 млн.теңге субсидия төлеу жолы арқылы қалпына келтірілді.

Қалған соманы төлеу бойынша жұмыс жалғасуда.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны