23.08.2006, 17:06 2875

Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімдерінің бірі 2,5 жылға бас бостандығынан айрылды

ПЕТРОПАВЛ. 23 тамыз. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облыстық соты аудан орталықтарының бірі - Мамлютки қаласының бұрынғы әкімінің бірін 2,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігі тілшісіне СҚО экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жазаланушы, әкім болып тұрған кезінде өз бетімен жер комиссиясының қарауынсыз , бір жылға 0,6158 гектар жер беру туралы шешім қабылдаған. "Жер учаскесі "Мамлютский машиносроительный завод" ЖШС тиесілі арналық кәрізді бөлшектеу мақсатында жалға берілген, соның салдарынан мекеме 15 млн. теңгеге шығынға батқан", дейді қаржы полициясының өкілдері.

"Мамлютский машиносроительный завод" ЖШС өкілінің шағымынан кейін аудандық прокуратура Мамлютка қаласы әкімнің шешіміне қарсылық танытты. Сол кезде аудан орталығының басшысы шешімін өзгертіп, құжатты сол датамен рәсімдеген.

Облыстық сот бұрынғы әкімнің мүлкін тәркілеп 2,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Оған қоса, бұрынғы шенеуік үш жылға дейін жауапты мемлекеттік қызметте істей алмайды.

"Айыпталушының мұнша қатаң жазаға тартылуына, оның мемлекет мүддесіне нұқсан келтіруі, қоғамдастық алдында мемлекеттік биліктің беделін түсіруі себеп",-деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметінің өкілдері.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны