12.02.2007, 18:23 2902

Солтүстік Қазақстан облысында декларацияда көрсетілмеген валютаның ірі партиясын алып өтпек болған ресейлік құрықталды

ПЕТРОПАВЛ. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысында "Петропавл станциясы" кеден бекетінің қызметкерлері декларацияда көрсетілмеген валютаның ірі партиясын алып өтпек болған Ресей азаматын ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Москва - Қарағанды поезінің жолаушыларын кедендік тексеру барысында Ресей Федерациясының азаматынан 30 мың АҚШ доллары мен 24 мың евро (эквиваленті 7 млн теңге) табылған. "Кедендік декларацияда тек 10 мың АҚШ доллары ғана көрсетілген",- дейді кеденшілер. Ұсталғанның айтуынша, ол сауда құралдарын сатып алу үшін Уфадан Алматыға бет алған.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, ақшаның заңды екендігін растайтын құжаттар болу керек, "декларацияда көрсетілмеген ақша мемлекет пайдасына тәркіленді",- деді баспасөз қызметінен. Ұсталған азаматқа қатысты экономикалық контрабанда үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны