23.08.2017, 16:51 6333

Солтүстік Қазақстан облысында "Электронды қылмыстық iс", "Электронды әкiмшiлiк iс", "Құқықтық қызмет орталығы" жобаларыныӊ тұсаукесерi өтті

СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен әкiмдiктiӊ отырысы өттi. Кеӊес барысында "Электронды қылмыстық iс", "Электронды әкiмшiлiк iс", "Құқықтық қызмет орталығы" жобаларыныӊ тұсаукесерi өтiп, сол сияқты 2017 жылғы 7 айдағы әлеуметтiк-экономикалық дамудыӊ қорытындысы қаралды.

Петропавловск. 23 тамыз. Kazakhstan Today - СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен әкiмдiктiӊ отырысы өттi. Кеӊес барысында "Электронды қылмыстық iс", "Электронды әкiмшiлiк iс", "Құқықтық қызмет орталығы" жобаларыныӊ тұсаукесерi өтiп, сол сияқты 2017 жылғы 7 айдағы әлеуметтiк-экономикалық дамудыӊ қорытындысы қаралды.

ҚР МК Құқықтық статистика және әлеуметтiк есеп жөнiндегi комитетiнiӊ СҚО бойынша басқармасыныӊ басшысы м.а. Махаббат Кәрiбайқызы "Электронды әкiмшiлiк iс", "Құқықтық қызмет орталығы" атты жаӊа жобалар туралы айтып бердi.

"Азаматтар ҚР-ныӊ негiзгi заӊында бекiтiлген жүгiну институты арқылы мемлекеттiк басқаруға тiкелей қатысу мүмкiндiгiн иеленедi", - дедi М. Кәрiбайқызы.

2017 жылы 21 шiлдеде Астанада жеке және заӊды тұлғалардыӊ жүгiнулерiн қарауды ұйымдастыруда жүйелiлiктi қамтамасыз етуге арналған Құқық қорғау қызметiнiӊ орталығы (ҚҚО) құрылды. Жыл соӊына дейiн ҚҚО-ны барлық облыс орталықтарында ашу жоспарлануда.

ҚҚО-ныӊ негiзгi звеносы әлеуметтiк-экономикалық салада азаматтардыӊ жүгiнулерiн, әкiмшiлiк өндiрiс мәселесiн, сотқа дейiнгi тергеу мен азаматтық және қылмыстық iстер бойынша болған сот актiлерiн қарауға арналған кезекшi прокурорлардыӊ жұмысын ұйымдастыру болып табылады.

ҚР МК Құқықтық статистика және әлеуметтiк есеп жөнiндегi комитетi "Электронды қылмыстық iс" модулiн әзiрледi, ол 3 кезеӊнен тұрады. Модуль қылмыстық iстердiӊ барлық материалдарын электронды форматта қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.

Е- қылмыстық iс ұшқыр жобасы 2017 жылы 15 тамызда Жамбыл облысында iске қосылды, қыркүйекте оны ШҚО-да, БҚО-да, ОҚО-да, Атырау облысында жүзеге асыру жоспарлануда.

"Электронды әкiмшiлiк iс" жобасы хаттаманы онлайн режимнiӊ базасына мәлiметтердiӊ түсуi арқалы электронды форматта құруға мұмкiндiк бередi. Мобильдi қосымша Идiлет министрлiгiнiӊ базасымен, IIМ-нiӊ автокөлiк құралдарын тiркеу базасымен және комитеттiӊ арнайы есептер мәлiметiмен бiрiккен.

Осылай жасалған электронды хаттамаға iшкi iстер органдарыныӊ қызметкерi электронды-санды қол қойып, ол нақты уақыт режимiнде базаға түседi. Аталмыш ұшқыр жоба Астана қаласыныӊ IIД-де iске қосылды. Елiмiздiӊ басқа өӊiрлерiнде аталмыш жоба 2018 жылғы қаӊтардан бастап жұмыс iстей бастайды. Бұл жұмыс құқық қорғау жүйесiне, атқару жүйесiне тұрғындардыӊ сенiм деӊгейiн көтеру мақсатында жүргiзiлуде. Бiз қызмет көрсету бойынша өз жұмысымызды үнемi жетiлдiрiп отыруға тиiспiз дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.

Икiмдiк отырысында СҚО статистика департаментi бастығыныӊ м.а. Қуанышбек Қалижанов сөз сөйледi. Оныӊ айтуынша, 2017 жылдыӊ қаӊтар-тамыз айларыныӊ қорытындысы бойынша СҚО республиканыӊ 16 өӊiрi iшiнде өнеркәсiп көлемiнiӊ өсiмi бойынша 4-орынды, тұрғын үй салу бойынша 6-шы орынды, инвестициядан - 8-шi орынды, ауыл шаруашылығынан 9-шы орынды, тұтыну бағасыныӊ индексiнен 11-шi орынды қамтамасыз еттi. Статистиканыӊ жедел мәлiметi бойынша, есептi кезеӊде тұрғын үй пайдалануға берудiӊ өсiмi 32,1%-ды негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 8,1%-ды құрады. Жетi айда СҚО-да 81,2 млрд. теӊгенiӊ ауыл шаруашылығы өнiмi шығарылды. НИК - 101,9%. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi есептi кезеӊде 78 млрд. теӊге болды.

Қызметкерлерге есептелген орташа айлық еӊбекақы 99930 теӊгенi құрады, 2016 жылдыӊ сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда өсiм 5,9%. Нақты еӊбекақы индексi 97,4% болды. Облыстыӊ аудандары арасында еӊ жоғары еӊбекақы Қызылжар (96971 теӊге) және М. Жұмабаев аудандарында (90624 теӊге) байқалды.

Кеӊес барысында Президенттiӊ өӊiрлердiӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуы мәселесi бойынша өткен кеӊесте берген тапсырмасын орындау және мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелерi талқыланды. Соған орай нақты тапсырмалар берiлдi.

Сол сияқты СҚО әкiмдiгi мүшелерiнiӊ қарауына ұсынылған қаулылардыӊ жобалары талқыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны