15.05.2007, 15:35 2518

Солтүстік Қазақстан облысында кеден қызметкері пара алу үстінде ұсталды

АСТАНА. 15 - мамыр. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысында кеден қызметкері пара алу үстінде ұсталды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері облыстық кедендік бақылау департементінің "Жаңа жол" кеден бекетінің бас инспекторын құрықтаған. Арнаулы қызметтің ақпараттарына сүйенсек, ол "Қазақстаннан Ресейге жеміс-жидек артқан жүк көлігін алып бара жатқан жеке кәсіпкердің кеден бекетінен кедергісіз өтуі үшін 400 АҚШ доллары көлемінде пара алу барысында" қылмыс үстінде қолға түсті.

"Департаменттің тергеу бөлімі аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағы бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғады",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны