09.09.2008, 19:03 3002

Солтүстік Қазақстан облысында құны 1 млн 700 мың теңгенің астығын ұрлауға қатысты 15 оқиғаның беті ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында құны 1 млн 700 мың теңгенің астығын ұрлауға қатысты 15 оқиғаның беті ашылды

Петропавловск. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары "Астық-2008" іс-шарасы аясында құны 1 млн 700 мың теңгенің астығын ұрлауға қатысты 15 оқиғаның бетін ашты, деп хабарлайды агенттік тілшісі СҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұрлаған астықтың жалпы салмағы 65 тоннадан асады. Соның ішінде 20 тоннасы Шал ақын ауданындағы бір ЖШС аумағынан қолды болған. Бұл қылмысты әшкерелеуге астық тасымалдайтын көліктерді GPS-құралдармен жабдықтау септігін тигізген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны