23.07.2008, 10:07 1196

Солтүстік Қазақстан облысында "Мак" операциясының барысында 88 есірткі қылмысы анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында "Мак" операциясының барысында 88 есірткі қылмысы анықталды

Петропавл. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері облыста 25 мамырдан бері жүріп келе жатқан "Мак-2008" операциясының барысында 88 есірткі қылмысы анықтады. Оның ішінде есірткі сатудың 52 оқиғасы бар, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі заңсыз айналымнан 29 кг гашиш, 15 кг марихуана, 100 грамм героин тәркіленгенін хабарлады. Икімшілік жауапкершілікке 17 адам тартылған. Жыл басынан бері есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты заңды бұзғаны үшін жауапкершілікке 81 адам тартылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны