25.09.2009, 13:27 2901

Солтүстік Қазақстан облысында Новокузнецк - Кисловодск пойызынан шекарашылар 3 килограмм гашишпен РФ азаматын ұстады

Солтүстік Қазақстан облысында Новокузнецк - Кисловодск пойызынан шекарашылар 3 килограмм гашишпен РФ азаматын ұстады

Астана. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында Новокузнецк - Кисловодск пойызынан шекарашылар 3 килограмм гашишпен РФ азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "24 қыркүйекте "Булаево" шекаралық бақылау бекетінің шекарашыларының жасағы теміржол бекетінде "Новокузнецк - Кисловодск" бағытында қатынайтын пойыздан РФ азаматын ұстады". "Оның заттарын иісшіл итті пайдала отырып тексеру барысында қос түбі бар сөмкеден жалпы салмағы 3 килограмм шамасында гашиш табылды. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны