23.02.2010, 16:31 3425

Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша 18 мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша 18 мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Петропавловск. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша 18 мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев аудандық прокуратурасы анықтағандай, аудандағы 19 мектепте оқушылардың медициналық қызметпен қамтылу құқықтарының сақталуына тексеру нәтижесінде лицензиясыз қызмет атқару дерегі анықталды. "ҚР "Лицензия беру туралы" заңының 26-шы бабын бұза отырып, аудандағы 19 мектепте медициналық қызметтің лицензиясыз атқарылып келгендігі анықталды, ал мектеп директорлары лицензия алу құжаттарын аудандық білім бөліміне жолдаумен ғана шектелген", - деп хабарлайды мекеме.

"Сондай-ақ, Докучаев орта білім беретін мектебінде 2008 жылдың қараша айынан бері медициналық қызметкер жоқ. Аудандағы мектептер медициналық жабдықтар мен құралдармен жеткілікті қамтамасыз етілмеген. Бұл мектептердегі оқушылардың медициналық қызметпен қамтылу құқықтарының сақталмауына дәлел", - деп мәлімдеді қадағалаушы орган қызметкерлері.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "аудандық прокуратура аудандық білім бөлімінің атына таныстыру шығарды. Оны қарау нәтижесінде 18 мектеп директоры мен білім бөлімінің бір маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны