20.09.2017, 17:16 4057

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi жұмыс сапарымен М. Жұмабаев ауданында болды

Сапарды қорытындылай келе, өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов кәсiпорынды дамыту және ауылдағы өмiрдi жақсарту басты мiндет болу керектiгiне назар аударды.

Петропавловск. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен М. Жұмабаев ауданында болды.

Өӊiр басшысы алдымен Булаево қаласындағы дайындау орталығы -"Жiбек Жолы Оперейтинг" ЖШС-ге ат басын тiредi. Бүгiнгi күнi бұл -облыстағы ауылдықтар өсiрiлген артық көкөнiсiн тапсыратын және сөйтiп өзiнiӊ кiрiсiн арттыратын бiрден -бiр көкөнiс сақтайтын қойма. Орталықтыӊ жұмысына өзiн-өзi қамтып отырғандар белсене қатысады деп күтiлуде.

Өӊiр басшысы осындай нысандарды әрбiр ауданда ашу қажеттiгiн атап айтты.

Авангард ауылдық округiне қарасты Полтавка орта мектебi келесi нысан болды. Мектеп кемiнде 81 балаға шақталған, алайда онда барлығы 53 бала ғана оқып жатыр. "Ауылда көшiп кету неге белеӊ алды?", -деген сауалға ауылдық округтiӊ әкiмi Ермек Кенжеболатов жауап беруге тырысып бақты.

"Ауылдық округтiӊ құрамына екi елдi мекен кiредi, онда 821 адам тұрып жатыр. Соӊғы үш жылда округтен 127 адам қоныс аударды. Орташа айлық еӊбекақы 53 мыӊ теӊгенi құрайды. Жалақыны көтеру үшiн "Авангард СКО"ЖШС-нiӊ басшысымен меморандум жасалды, алайда одан бұрын жасалған меморандум орындалған жоқ. Үш жылдан астам уақыттан берi "Авангард СКО" ЖШС төмен өнiм алып келедi. Биыл ол гектарынан 13 центнерден аспай отыр, минералдық тыӊайтқыш қолданылмайды, ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынбайды. 2011 жылдан берi кәсiпорын мал щаруашылығын дамыту бағдарламасына қатыспайды", -дедi Ермек Кенжеболатов.

Облыстыӊ агроқұрылымдарыныӊ өндiрiсi даму үшiн мемлекет қаржылай көмек көрсетедi.

"Тек биылғы жылы ғана ЖШС 38 млн. 726 мыӊ теӊге алып, 12 млн. теӊге салық төледi. Мемлекет сiздерге ақша бередi, оны дұрыс пайдалана алмай отырсыздар. Қаржылай көмек еӊбекақыны өсiру, тұрғын үйлер мен әлеуметтiк маӊызды нысандар салу үшiн берiледi. Алайда бiз оны осында көре алмай отырмыз. Жұмыс бар жерден адамдар кетпейдi", -дедi Құмар Iргебайұлы.

Совет ауылындағы жағдай мүлдем басқаша, бұрын ол алдыӊғы қатарлы елдi мекеннiӊ бiрi болатын, дұрыс басқара алмаудыӊ нәтижесiнде ауыл құлдырауға ұшыраған едi. Жаӊа инвестордыӊ келуiмен жағдай өзгерiп сала бердi. Адамдардыӊ жағдайын ойлайтын жан -Анатолий Рафальский.

"Облыс басшылығы "СК Агро 2050" ЖШС-ге зор сенiм артып отыр, бiздiӊ жұмыс iстеп жатқан нақты жоспарымыз бар", -дедi кездесу кезiнде Анатолий Брониславович.

"Иртараптандыру жүргiзiлдi, майлы дақылдардыӊ алқабы көбейдi. Күнбағыс алқабы 4 мыӊ гектар, екi мыӊ -рапс, және сонша -зығыр.Орақ науқаны барлық қуатында жүрiп жатыр", -дейдi жаӊа инвестор.

Жаӊа инвестордыӊ келуiмен жаӊа жұмыс орындары пайда болған. Құрама жем зауытын қалпына келтiру жүргiзiлiп жатыр, оған 120 млн. теӊгеден астам қаражат жұмсалған. Алдағы уақытта "СК Агро 2050" ЖШС-нiӊ ет комбинатын қайта жабдықтау жоспарлануда.

Писаревка ауылдық округiнде де осындай жағдай орын алған.

Бiр кездерi құлдыраған ауылды қалпына келтiрудi "Писаревское Агро" ЖШС-нiӊ басшысы Игорь Гришанов қолға алыпты.

Игорь Гришанов округте екi жыл ғана жұмыс iстегенiмен, кәсiпорын жоғары көрсеткiшке қол жеткiзуде.

Дәндi дақылдардыӊ 85%-ы жиналған, жоғары өнiмдi майлы дақылдармен айналысады. Барлығы да ауылды дамыту үшiн жасалады. Мектеп пен басқа да әлеуметтiк нысандар екiншi маусым биомасса пайдаланатын қазандықпен жылытылады.

Сапарды қорытындылай келе, өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов кәсiпорынды дамыту және ауылдағы өмiрдi жақсарту басты мiндет болу керектiгiне назар аударды. Жергiлiктi билiк пен кәсiпкерлердiӊ сапасыз жұмысынан ауыл халқы азаюда, мектептер қысқаруда, осыныӊ өзi ауылдық округтiӊ жабылуына әсер етуде.

Ирбiр аумақтық бiрлiктiӊ басшыларыныӊ дұрыс, нәтижелi жұмысы ауылдардыӊ дамуына оӊ әсер етедi. Жергiлiктi билiк ойланып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен жұмыс iстеудi бастауы қажет.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны