14.03.2008, 14:50 3073

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында салық және зейнетақы заңнамасын бұзу оқиғалары анықталды

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында салық және зейнетақы заңнамасын бұзу оқиғалары анықталды

Астана. 14 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы Тайынша ауданында салық және зейнетақы заңнамасын бұзу оқиғаларын анықтады, деп хабарлайды агенттік ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық прокуратурасы салық және зейнетақы заңнамасының сақталуын тексеру барысында 687 азаматтың құқығын қорғады".

Тексеру нәтижесінде аудандағы ірі шаруашылық субъектілерінің ұзақ уақыт бойы салық пен бюджетке төленетін төлемдерді аудармай келгені анықталды. Соның салдарынан ағымдағы жылдың 1 ақпанындағы жағдаймен салық берешегі 47 мың 481,5 теңге, зейнетақы жинақтаушы қорларға берешек 50 мың 90 тенгеге жеткен.

Тексеру көрсеткендей, міндетті зейнетақы жарналарын қызметкерлердің жалақысынан дер кезінде ұстап қалғанымен, зейнетақы жинақтаушы қорларға аударылмай, қызметкерлердің құқығы өрескел бұзылған, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, аудандық салық органдары бюджет түсімдерінің толық болуын, міндетті зейнетақы жарналарының толық әрі дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету талаптарын орындамаған.

Бас прокуратураның мәліметінше, прокурорлық қадағалау шарасымен 8 млн 505 мың 764 теңге көлемінде бюджет түсімдері мен міндетті зейнетақы жарналары өндіріп алынды, сол арқылы шаруашылық субьектілерінің 687 қызметкерінің құқығы қорғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны