13.05.2008, 15:05 1419

Солтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары контрабандалық ет пен алкогольді өнімдердің ірі партиясын тәркіледі

Солтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары контрабандалық ет пен алкогольді өнімдердің ірі партиясын тәркіледі

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері экономикалық контрабанда деректерін анықтау жөніндегі шұғыл шаралардың барысында контрабандалық ет пен алкогольді өнімдердің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қытайда өндірілген 18 тоннадан астам қатырылған ет "СБИ-Агро" ЖШС-нің аумағында сақтаулы тұрған.

"Шұғыл қызметкерлер "КамАЗ" автокөлігіне назар аударған. Одан 10 тонна қатырылған еті бар жақсылап оралған жәшіктер асығыс түсірілген. Қағаз жәшіктерде еттің 2007 жылы Қытайда өндірілгенін көрсететін таңба болған. Жүктің иесі - Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының тұрғыны тауар құжаттарын көрсете алмай, оны Қазақстанның оңтүстігінен делдалдар арқылы алғанын ғана айтқан", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Осыдан кейінгі оперативтік шаралардың барысында СБИ "Агро" ЖШС-нің мұздатқыш вагондарынан тағы да Қытайда өндірілген 8 тоннадан астам ет шықты. СБИ "Агро" ЖШС басшылығы да өз аумағында бұл өнімнің сақталуына қатысты ешбір құжат көрсете алмаған. Бұған қоса санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің рұқсат құжаттары мен өнімнің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін дәлелдейтін құжаттар да болмай шыққан.

Петропавловск қалалық мемлекеттік мал дәрігерлік бас инспекторы Любовь Буденкованың айтуынша, осы жылдың ақпан айынан бері Қазақстан аумағына Қытайда өндірілген ет енгізуге тыйым салынған, оған осы елде мал арасында күйдіргі дертінің таралуы себеп. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлерінің оперативтік ақпаратына сәйкес, ет партиясын Ресей Федерациясына өткізіп жібермек болған.

Сонымен бірге, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы Старомихайловка ауылында ірі арақ партиясын тәркіледі. Ауылдың бір әйел тұрғынының жай үйіндегі металл гараждан Петропавловскінің ликер-арақ зауытының "Пшеничная" және БН фирмасының "Медовая" маркалы 6940 бөтелке арағы шыққан. Олардың тиісті құжаттары болмаған. Қазір алкогольді өнімдерді тексеру материалдары Солтүстік Қазақстан облысының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментіне берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны