17.09.2009, 15:45 2984

"Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан" электр жалғастыру желісінің құрылысын салуда озық технологиялар пайдаланылды - мемлекет басшысы

"Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан" электр жалғастыру желісінің құрылысын салуда озық технологиялар пайдаланылды - мемлекет басшысы

Екібастұз. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан" электр жалғастыру желісінің құрылысын салуда озық технологиялар пайдаланылды. Бұл туралы бүгін "Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан" электр жалғастыру желісінің екінші жоғары кернеулі желісін салтанатты түрде іске қосу рәсімінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Құрылыс жұмыстары кезінде озық технологиялар пайдаланылды, оған еліміздің компаниялары мен кәсіпорындары, зауыттары қатысып, өнім шығарды, яғни, мультипликативтік түрде мыңдаған адамдар жұмысқа ие болды", - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы осы орайда нысанның бірегейлігін айрықша атап өтті. "Бұл аса маңызды, аса қажетті әрі ұлығаусар жоба. Бұрынғы кеңестік кеңістік аумағында мұндай нысан жоқ. Оны салу - аса елеулі оқиға", - деді президент.

Н. Назарбаев осы нысанды салуға жұмылдырылған барлық адамдарға ризашылық білдірді. "Барлық энергетиктерді, энергетика саласының құрылысшыларын, жұмысшыларды, инженерлерді осынау инновациялық жобаны іске қосуға мүмкіндік тудырғаны үшін алғысымды айтамын", - деді президент.

Мемлекет басшысы сонымен бірге кейінгі үш жылда Қазақстанда 1600 шақырым электр жалғастыру желісі іске қосылғанын еске салды. "Бұл - үлкен жеңіс", - деді ол.

Ресми салтанат кезінде Алматы мен Шымкенттегі "KEGOC " АҚ диспетчерлік бөлімшелерімен Екібастұз арасындағы тікелей телекөпір ұйымдастырылды. Олар электр қуатын алғанын растады.

Жобаны жүзеге асыруға 43,6 млрд теңге жұмсалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны